Орхус Конвенциясының шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы бойынша Мақсатты топтың Сегізінші кеңесі
2018 жылдың 8 – 9 қазанында Женева қаласында (Швейцария) Орхус Конвенциясының шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы бойынша Мақсатты топтың Сегізінші кеңесі өтті.
Іс-шараға Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенциясына (Орхус конвенциясы) қатысушы елдердің, халықаралық ұйымдардың, Орхус орталықтарының, ҮЕҰ-ның өкілдері, және де сарапшылар қатысты.
Кездесуде Мақсатты топ экологиялық сұрақтар бойынша шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы мәселелерін, оларды насихаттау тәжірибесіне айрықша назар аудара отырып талқылады, атап айтқанда:
– жұртшылықтың маңызды және ертерек қатысуы;
– жұртшылыққа барлық тиісті құжаттардың ашық болуы;
– жұртшылықтың қатысуы үшін тиімді хабарлама және мерзімдер;
– соңғы шешімдерде жұртшылықтың пікірлерін неғұрлым толықтығын қамтамасыз ету.
Осы отырыста жұртшылықтың экологиялық ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз ету саласында Қазақстанның тәжірибесі мен жетістіктерін; қоршаған ортаны қорғау саласындағы шешім қабылдау үдерісінде ақпаратқа қол жеткізудің ең жақсы тәжірибесі мен проблемаларын көрсететін, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы шешімдерді қабылдауда тиімді қатысуға көмектесу үшін Маастрихт ұсынымдарын орындау бойынша баяндама ұсынылды.
Орхус конвенциясының ережелеріне сәйкес өз құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын адамдар мәселелерін талқылау бойынша пікірталас өткізілді.