Дереккөз: www.energo.gov.kz
2017 жылдың 10 – 11 қазан аралығындаДушанбе қаласында (Тәжікстан Республикасы) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық экологиялық кеңесінің IV отырысы өткізілді.
Аталған отырыстың шеңберінде ТМД қатысушы мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғау саласында ынтымақтастықты нығайту бойынша проблемалық сұрақтар талқыланды, даму бағыттары бойынша пікір-таластармен алмасуы өтті.
ТМД қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық экологиялық кеңесінің IV отырысында қоршаған ортаны қорғау ведомстволарының басшылары өз елдерінің биологиялық әртүрлігін, атмосфералық ауаны, жер қойнауын қорғау шеңберінде озат тәжірибелері туралы айтты. ҚР Энергетика вице-министрі С. Нұрлыбай ТМД елдерінің қоршаған ортаны қорғау саласындағы екіжақты ынтымақтастықтары туралы өзекті мәселелері, соның ішінде Жайық-Орал трансшекаралық өзенінің экожүйесін қорғау жөніндегі қазақстан-ресей комиссиясының жұмысы туралы айтып өтті.
Сонымен бірге, Мемлекетаралық экологиялық кеңесінің мүшелері «Мемлекетаралық экологиялық кеңесінің III отырысының шешімдерін және іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы», «Экология және қоршаған ортаны қорғау туралы кейбір сұрақтары құзырларына кіретін ТМД органдарымен әрекетті ұйымдастыру туралы» шешімдерді қабылдады. ҚР Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары З. Жолдасовтың «Қазақстан Республикасында жаңа Экологиялық колекстін жобасын дайындау жөніндегі өткізіліп жатқан жұмыс туралы» баяндамасы тыңдалды.
Кеңестің практикалық жұмысы ретінде, тәжік тарапының су ресурстарын реттеу тәжірибесімен танысу үшін 11 қазанда қатысушылар Нурек ГЭС-на барып шықты. ТМД қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық экологиялық кеңесінің регламентіне сәйкес кеңес мүшелері кеңестің төрағалығын Ресей Федерациясынан Тәжікстан Республикасына ауысу туралы шешім қабылдады. ТМД қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық экологиялық кеңесінің төрағалығына Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қоршаған ортаны қорғау комитетінің төрағасы Ибодзода Хайрулло сайланды.