Источник: www.energo.gov.kz
Ағымдағы жылғы 18 қазанда Брюссельде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен өткен «Азия-Еуропа» форумы (AСEM) шеңберіндегі ҚР Энергетика министрі Қ.Бозымбаевтың бизнес өкілдерімен кездесуінде ҚР Энергетика министрлігі, ЕҚҚДБ және «Номад Солар» ЖШС арасында «Қызылорда облысының Жалағаш ауданында қуаты 28 МВт КЭС құрылысы» жобасы бойынша ынтымақтастық және қолдау туралы келісімге қол қойылды.
Жоба Жалағаш-Қызылорда облысындағы Жалағаш ауданы маңында «Номад» күн электр станциясын (КЭС) салуды көздейді, ол Қазақстанның энергетикалық теңгеріміне күн энергиясын өндіру үшін 28 МВт қуаттылықты орнатады.
Жобаның жалпы құны 46,7 млн. АҚШ долларын құрайды.
Осы келісім аясында ЕҚҚДБ осы КЭС-ті салу үшін 13 жыл мерзімге 35 млн. АҚШ долларына дейінгі мөлшерде несие береді.
КЭС-ті Total EREN SA (Франция) және AccessPowerLimited (Біріккен Араб Әмірліктері) компаниялары салатын болады. Бұл жобаны іске асыру жылына CO2 шығарындыларының кемінде 47,8 мың тоннаға азаюына әкеледі деп күтілуде, бұл жергілікті көмір электр станцияларының 10 МВт қуаттылығымен шығарындылар көлеміне сәйкес келеді (күн электр станцияларының тиімділігі көмір электр станцияларына қарағанда аз).
Сондай-ақ, КЭС-ті іске асыру еліміздің стратегиялық құжаттары көздейтін жаңартылатын энергия көздері саласындағы мақсатты индикаторларға қол жеткізуге үлесін қосады, өңірде қосымша «жасыл» жұмыс орындарын құруға және шетелдік инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді.