Дереккөз: www.24.kz
Биыл Қарағанды облысында алғаш рет енгізілген егістік алқаптарды цифрландыру жүйесі өнімділікті 50 пайызға арттырды.
«Ауыл-шаруашылығын цифрландыру» бағдарламасын Нұра және Осакаров аудандарының диқандары жүзеге асырды.Нәтижесінде сынақ түрінде егілген алқаптардан өнім әр гектарына 40-60 центнерден жиналды. Қарағандылық фермерлердің айтуынша, сандық технология ең әуелі еңбек өнімділігін арттырып, материалдық шығындар мен қаржы үнемдеуге мол мүмкіндік берген. Мысалы, тыңайтқыш, гербицид, жанар-жағармай аз жұмсалған. Енді олар келешекте барлық егін-жайды цифрлық жүйеге көшіруді жоспарлап отыр. Еліміз бойынша егістік алқаптарға сандық технологияны енгізген 9 шаруашылық болса, соның екеуі Қарағанды облысында. Бұл алқаптарда жердің температурасы мен ылғалдылығын көрсететін метео-станциялар да орнатылған.
Болат Омарбаев, облыстық ауылшаруашылық басқармасының бас маманы:
– Цифрлық технологияларды енгізгеннен кейін шаруашылықтардың жұмысы өте жеңілдеді. Ол тек қана өнімділікті арттырып қана қоймай жанар жағар майға жіберілген шығынды 20 пайызға азайтты. Биылғы жылы екі шаруашылықта цифрландыру енгізіліп жатса келесі жылы бес шаруашылықты енгізу жоспарланып отыр.