Дереккөз: www.energo.gov.kz
Ағымдағы жылдың 6 қарашасында Энергетика министрлігінде отын-энергетика кешені және экология мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің Мұнай және газ жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Отырысқа қоғамдық кеңес мүшелері, министрліктің, «Мұнай және газ ақпараттық талдау орталығы» АҚ және Қазақстанның мұнай сервистік компаниялары одағының өкілдері қатысты.
Қоғамдық кеңес мүшелеріне Астана қаласы мен солтүстік аймақтарды газдандырудың негізгі мүмкіндіктері таныстырылды (қаржыландыру, газдандыруды қамту, газ жеткізудің тұрақтылығы, Инфрақұрылым, баға белгілеу және т.б.), ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ-да) көзделген жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатын басқару және жұмсау бойынша тиімді тетікті әзірлеу бойынша ақпарат тыңдалды, жер қойнауын пайдаланушылар мен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізілімінде (Nadlock) жүзеге асыратын олардың мердігерлік), Қазақстан Республикасын газдандырудың 2015 – 2030 жылдарға арналған бас схемасының іске асырылу барысы туралы есеп тыңдалды, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасы, қызмет этикасын сақтау, Энергетика министрлігіндегі азаматтардың өтініштерін қарау мәселелері де талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша мұнай және газ жөніндегі комиссия мүшелері Қазақстан Республикасын газдандырудың 2015 – 2030 жылдарға арналған Бас схемасын іске асыру бойынша, ҒЗТКЖ-да көзделген жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатын басқару және жұмсаудың тиімді тетіктерін әзірлеу бойынша тиісті ұсынымдар берді.
ҚР Энергетика министрлігінің Баспөз қызметі