Дереккөз: www.energo.gov.kz
2018 жылғы 14 қарашада Астана қаласында “Рэдиссон-Астана” қонақ үйінде «Трансшекаралық тұрғыдан қоршаған ортаға әсерді бағалау туралы конвенцияға және оның стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі хаттамасына сәйкес Қазақстанда экологиялық бағалау жүйесін жетілдіру» атты қорытынды дөңгелек үстел өтеді.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (Министрлік) 2017 жылдан бастап БҰҰ ЕЭК-мен, Қазақстандағы Еуропалық одақтың өкілдігімен қолдауымен және ынтымақтастықта, ЕҚЫҰ бағдарламаларының Астанадағы кеңсесі және БҰҰДБ Қазақстандағы Өкілдігі «Қазақстанның “Жасыл экономика” моделіне көшуін қолдау» бірлескен жобасы шеңберінде БҰҰ ЕЭК трансшекаралық тұрғыда қоршаған ортаға әсерді бағалау туралы Конвенциясының (Эспо конвенциясы) және оның стратегиялық экологиялық бағалау (СЭБ) жөніндегі хаттамасына (ЭСПО жөніндегі Хаттама) сәйкес стратегиялық экологиялық бағалау (ЭСПО Конвенциясы) бойынша ұлттық жүйені құру және қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды іске асырады.
Бұл жұмыс Эспо Конвенциясының ережелеріне және СЭБ жөніндегі хаттамаға сәйкес қолданыстағы ұлттық экологиялық заңнаманы шолуды және қайта қарауды және Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына қатысты жүргізілетін СЭБ жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруды көздейді.
Дөңгелек үстел Энергетика Вице-министрі С. Н. Нұрлыбайдың төрағалығымен өтеді.
Дөңгелек үстел жұмысына келесі тұлғалар қатысады деп күтілуде:
Виктор Бадакер мырза, Тұрақты энергетика бөлімінің қызметкері, БҰҰ ЕЭК Хатшылығы.
елші Дьердь Сабо мырза, ЕҚЫҰ бағдарламаларының Астанадағы кеңсесінің басшысы;
ЙоханесСтенбаекМадсен мырза, Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің ынтымақтастық бөлімінің басшысы, сондай-ақ жұмыс тобының мүшелері, ҚР Энергетика министрлігінің салалық департаменттерінің сарапшылары, СЭБ және ҚОӘБ бойынша ұлттық сарапшылар мен халықаралық сарапшылар ЕржиЕндрошка мырза, СЭБ және ҚОӘБ бойынша заңнаманы дамыту саласындағы негізгі халықаралық сарапшы Елена Лаевская ханым (СЭБ және ҚОӘБ бойынша заңнаманы дамыту саласындағы халықаралық сарапшы), сондай-ақ Грузия, Тәжікстан, Өзбекстан және Украинадан келген жетекші сарапшылар.
Дөңгелек үстел бағдарламасына сәйкес, күннің бірінші жартысында
ҚОӘБ және СЭБ жөніндегі заңнаманы дамыту саласындағы негізгі халықаралық сарапшы Ержи Ендрошка мырзаЭспо конвенциясының ережелері мен талаптары және орталық және Шығыс Еуропа елдерінде ҚОӘБ саласындағы заңнамалық реформалардың тәжірибесі туралы хабардар етеді.
Украинаның Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қоршаған ортаға әсерді бағалау бөлімінің бастығы Марина Шимкус ханым Украина Республикасының экологиялық бағалау жүйесін реформалаудағы тәжірибесі туралы айтып береді.
Тбилиси мэриясының қоршаған ортаны қорғау муниципалдық қызметінің бастығы Гига Гигашвилли ханым Ұлттық экологиялық бағалау жүйесін реформалаудағы Грузияның тәжірибесін таныстырады.
Мәдина Ибрашева ханым – Қазақстандағы СЭБ және ҚОӘБ жөніндегі жобаның жетекшісі Қазақстандағы СЭБ және ҚОӘБ-ті жетілдіру бойынша жоба туралы қысқаша ақпаратты ұсынады: мақсаттары, кезеңдері және алынған сабақтар.
Сондай-ақ жоба шеңберінде ұсынылып отырған Қазақстандағы заңнамалық реформа және ҚОӘБ саласындағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне түзетулер жобалары, атап айтқанда Экологиялық кодекс тарауларының «Қоршаған ортаға әсерді бағалау» және “Трансшекаралық тұрғыда қоршаған ортаға әсерді бағалау» жобалары қаралатын және талқыланатын болады.
СЭБ және ҚОӘБ жөніндегі заңнаманы дамыту саласындағы халықаралық сарапшы Елена Лаевская ханымСтратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі хаттаманың ережелері туралы ақпарат береді. Орталық және Шығыс Еуропа, сондай-ақ Кавказ елдерінде СЭБ саласындағы заңнамалық реформа.
Күннің екінші жартысында қаралатын және талқыланатын болады
Қазақстандағы СЭБ саласындағы заңнамалық реформа жобасы шеңберінде ұсынылатын жобалар: Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі үшін «Стратегиялық экологиялық бағалау» тараулары және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне стратегиялық экологиялық бағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы, сондай-ақ стратегиялық экологиялық бағалау саласындағы Қазақстан Республикасының заңға тәуелді актілерінің жобалары.
Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына қатысты ЭОЖ бойынша пилоттық жобаның нәтижелері (мақсаттары, тәсілдері мен рәсімі), «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы» туралы ақпарат (мазмұны, жоспарлау процесі және одан әрі қадамдар), сондай-ақ ЭОЖ бойынша пилоттық жобаның негізгі қорытындылары мен нәтижелері (тұжырымдамаға байланысты түйінді мәселелер мен ықтимал негізгі әсерлер).
Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына қатысты СЭБ жөніндегі пилоттық жобаның нәтижелері (мақсаттары, тәсілдері мен рәсімі), «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы» туралы ақпарат (мазмұны, жоспарлау процесі және одан әрі қадамдар), сондай-ақ СЭБ жөніндегі пилоттық жобаның негізгі қорытындылары мен нәтижелері (тұжырымдамаға байланысты түйінді мәселелер мен тұжырымдамамен байланысты ықтимал негізгі әсерлер).
Шара соңында БҰҰЕЭК халықаралық кеңесшілері СЭБ ұсынымдарымен таныстырады.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша осы мәселе жөніндегі келесі іс-қимылдарға қатысты ұсынымдар мен қадамдар ұсынылады деп күтілуде.
ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі