2018 жылы 20 қарашада Астана қаласында ГӨО саласындағы мамандардың қатысуымен «Қоршаған ортаға әдейі босатуды реттеу және генетикалық өзгертілген организмдерді нарықта орналастыру мәселелері бойынша Қазақстан заңнамасын реформалау» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел ҚР Энергетика министрлігі мен «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК бірлесіп, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалары офисінің қолдауымен өткізілді.
Дөңгелек үстелде мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, ЖОО-ның өкілдері, сондай-ақ ГӨО саласындағы ұлттық және халықаралық сарапшылар қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – ҚР Экологиялық кодексінің жаңа редакциясында өзгерістер мен толықтыруларды ГӨО туралы түзету бөлігінде талқылау.
Кездесу барысында Орхус конвенциясына ГӨО туралы түзетуді ратификациялаудың қазіргі жағдайы және ГӨО өңдеу саласындағы шешімдер қабылдаудың негізгі талаптары, Қазақстан Республикасының ГӨО мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамаларына шолу, «ГӨО-дан бос Қазақстан үшін» қоғамдық науқанының тәжірибесі туралы мәселелер, ГӨО мен жумыс жасау саласындағы құқықтық базаны реформалау бойынша ұсыныстар талқыланды.
Дөңгелек үстел, мемлекеттік органдардың өкілдерімен және жұртшылықтың ГӨО саласындағы сарапшылармен белсенді өзара қарым-қатынас үшін жақсы алаң болды.
Дөңгелек үстелдің нәтижесінде Экологиялық кодекстің жаңа редакциясына Орхус конвенциясына ГӨО туралы түзету қағидаларын жүзеге асыру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін ұсыныстар берілді.