Дереккөз: www.24.kz
Еліміздің энергетикалық секторы ең озық қолжетімді технологиялар приципіне 2020 жылдан бастап көшетін болады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мұндай болжамды халықаралық Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы жасап отыр. Бұл туралы осы тақырыпқа арналған конференцияда айтылды. Алдымен елдегі энергетикалық саладағы ахуал зерделенген. Энергетика секторынан 43 нысанға зерттеу жүргізілді. Талдау нәтижесі кәсіпорындардың экологияға айтарлықтай зардап келтіріп отырғандығын көрсеткен. Мамандардың айтуынша, алдағы үш жылда алдымен әртүрлі сала бойынша алты техникалық анықтама жасалады. Өндіріс орындары осы зиянды қалдықтарды азайту қағидасы жазылған анықтаманы басшылыққа алмақ. Аталған саланы бірлесіп дамыту мақсатында жасыл технологиялар орталығы мен Ресей Федерациясының озық технологиялар принципі бюросы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Салтанат Рақымбекова, Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы басшысының орынбасары:
– Экологиялық төлемдерге үлкен бір қор ашылатын болса. Қазіргі сарапшылардың пікірі бойынша 80 млрд-тан 120 млрд-қа дейін төлемдер жиналады екен. Бірақ сол төлемдер бір облыста 3 пайыз болса, кейбір облыста ең көбі 30 пайыз болуы мүмкін. Ал сол төлемнің мақсаты – экологияны өңдеу, жөндеу және өндіріс орындарына ықпал жасау. Олар осы принципке міндетті түрде өтуі керек.