Шығыс Қазақстан Орхус орталығы
Өскенмен қаласындағы аймақтық Орхус орталығы
«Жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту орталығы» негізінде 2013 жылы 5 маусымда Шығыс Қазақстан облысының аймақтық Орхус орталығы құрылды.
Орхус орталығы аймақтық Орхус орталықтарын құру туралы көпжақты меморандум негізінде жұмыс істейді.
Орхус орталығыны қызметінің мақсаты Орхус конвенциясының негізгі бағыттарына сәйкес:
1. Жұртшылықтың экологиялық ақпаратқа қол жетімділігін дамыту;соның ішінде электрондық форматқа айналдыру және Интернетке орналастыру арқылы.
2. Жұртшылықтың Шығыс Қазақстан облысының аумағында қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға қатысу деңгейін жетілдіру.
3. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша әділеттілікке қол жетімділікті қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
4. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің және Орхус конвенциясының талаптарына сәйкес, қоғамдық құқықтарын бұзатын шешімдеріне шағымдану бойынша жұртшылық мүшелері үшін тиімді мүмкіндіктерін дамыту.
5. Экологиялық мәселелерде ашықтық әлеуметтік атмосфера құруға және осылайша елдегі жалпы демократияландыру мен мемлекеттік басқаруға ықпал ету.
6. Орхус конвенциясының нормалары мен ережелерін орындауды қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекет жоспары мен шараларды іске асыру және өндірім бойынша қызметіне көмек көрсету, Шығыс Қазақстан облысының аумағы арқылы қоғамдық экологиялық құқықтарын қорғау жүйесін дамыту және қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік басқаруда оның принциптерін енгізу.
Орхус орталығы келесі міндеттерді іске асырады:
1. Орталық, жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасында экологиялық саясат және оны Шығыс Қазақстан облысының аумағында іске асыру аясында байланыстырушы ретінде қызмет етеді;
2. Ұлттық, шетелдік және халықаралық ҮЕҰ арасында экологиялық ұйымдар мен олардың потенциалды серіктестері арасындағы серіктестікті жылжытады;
3. Экологиялық ҮЕҰ өзара қарым-қатынасы үшін тұғырнаманы құру үшін негіз ретінде қызмет етеді;
4. Экологиялық үкіметтік емес ұйымдарды және басқа да мүдделі тұлғаларды бар әдебиетпен тегін пайдалану, мемлекеттік органдар ұсынған экологиялық ақпаратпен және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша басқа да қызметтер мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді;
5. Экологиялық ақпаратты таратады және дәстүрлі және оны жұршылық үшін қазіргі заманғы ақпараттандыру құралдарын белсенді пайдаланумен қол жетімді етеді;
6. Экологиялық сұрақтарды қоғамдық талқылауға жәрдемдеседі және осылайша қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша шешімдерді қабылдауда жұртшылықтың қатысуын дамытуды қамтамасыз етеді;
7. Мемлекеттік органдарға, қоғамдық ұйымдарға, ғылыми және сараптамалық ұйымдарға, бизнес-секторларға және басқа да мүдделі ұйымдар мен тұлғалардың өкілдері үшін қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша өзара қарым-қатынас үшін алаң ұсынады;
8. Орхус конвенциясына қатысты мәселелер бойынша үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтарға ақпараттық, кеңестік және әдістемелік көмек көрсетеді және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жетімлік бойынша қоғамдық хабардарлығын жетілдіреді.
ШҚО Орхус орталығы келесі жобаларды жүзеге асырды:
1. «ШҚО-да қоршаған ортаға кен игеру компанияларының әсерін бағалау үшін ӨСАБ құралдары» жоба, 2014 ж., ЕҚЫҰ қолдауымен
- 2. «Орталық және Шығыс Қазақстанда Орхусс орталықтарының қызметі арқылы Орхус конвенциясын тиімді жүзеге асыруды ілгерілету» жобасы, 2015ж., Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисі қолдауымен
- 3. «Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында Орхус конвенциясын тиімді жүзеге асыруды ілгерілету» жобасы
Байланыстар:
Өскемен қ., 070018
Белинский к-сі, 46-24
тел./факс 8 (7232) 77-57-93
e-mail: safonova-n@yandex.ru
Басшы: Сафонова Надежда
Facebook желі ішіндегі орталықтың ресми тобы: