Дереккөз: www.energo.gov.kz
Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2018 жылғы 14 қыкүйектегі № 74 шешімімен Еуразиялық экономикалық одақтың «Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға әзірленген табиғи жанғыш газдың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті (ЕАЭО 046/2018 ТР) (бұдан әрі – техникалық регламент) қабылданды. Күшіне ену күні – 2022 жылғы 1 қаңтар.
Техникалық регламент Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) аумағында табиғи жанғыш айналымға шығарылатын және айналымдағы газға қойылатын талаптарды белгілейді және газ өнімінің мынадай түрлеріне тарайды:
– тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған табиғи жанғыш газ;
-өнеркәсіптік және коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы табиғи жанғыш газ;
– табиғи Сығылған жанғыш газ;
– сұйытылған табиғи жанғыш газ.
Техникалық регламент Одақтың кеден аумағынан тыс жерге экспортталатын, мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша жеткізілетін, мемлекеттік материалдық резервтің сақталуын қамтамасыз ететін ұйымдарда сақталатын, табиғи жанғыш газға қолданылмайды.
Техникалық регламент Одақтың аумағында табиғи жанғыш, айналымға шығарылатын және айналымдағы табиғи жанғыш газға ең аз қажетті қауіпсіздік талаптарын қамтиды және физика-химиялық көрсеткіштері бойынша техникалық регламентке қосымшаларда қамтылған талаптарға сәйкес болуға тиісті.
Анықтама: Табиғи газдың техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалау кезінде сынақ әдістері техникалық регламенттің талаптарын пайдалану мен орындау үшін және табиғи жанғыш газ сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеулер (сынақтар) мен өлшеу әдістері және ережелері, соның ішінде үлгілерді іріктеу ережелері бар халықаралық және өнірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізіміне енгізілетін стандарттарда белгіленеді.
Табиғи газды айналымға шығарар алдында өнімнің техникалық регламент талаптарына сәйкестігін декларациялау нысанында сәйкестігін бағалау жүргізіледі. Дайындаушы (дайындаушы уәкілеттік берген тұлға) немесе сатушы өтінім берушілер бола алады. Декларациялау схемалары Техникалық регламенттің VI бөлімінде келтірілген.
Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келетін және сәйкестікті бағалау рәсімдерінен өткен өнім одақтың нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісімен (бұдан әрі – бірыңғай белгі) таңбаланады, оның графикалық бейнесі өнім сапасының паспортында қойылады. Өнім бірыңғай белгімен таңбалаусыз Одақ нарығына айналымға жіберілмейді.
Дайындаушы (дайындаушы уәкілеттік берген тұлға) немесе сатушы тұтынушының талап етуі бойынша сәйкестік туралы декларацияның және өнім сапасы паспортының көшірмесін ұсынуға міндетті.
Техникалық регламенттің мәтінімен ЕЭК-ның ресми сайтында https://docs.eaeunion.org/docs/ru-ru/01419232/cncd_30102018_74 сілтеме бойынша танысуға болады.
ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі