Дереккөз: energo.gov.kz
2019 жылғы 4 қаңтарда «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай және газ саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 132 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 30 қарашадағы №469 бұйрығы күшіне енді.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес шикі газды алау етіп жағуға рұқсат беру (10 жұмыс күнінен 8 күнге дейін), көмірсутектер саласындағы қызмет түрлеріне лицензия беру (30 жұмыс күнінен 15 күнге дейін) бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мерзімдері қысқартылды.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта шикі газды алау етіп жағуға өтініш беру кезінде мәліметтер нысанын толтыру қажеттілігі жоқ.
Теңіз құрылыстарын салуға немесе орналастыруға рұқсаттар беру; теңізде мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе төсеу жөніндегі жұмыстарға рұқсаттар беру бойынша мемлекеттік қызметтер оңтайландырылып, «Теңiздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат беру» болып бір мемлекеттік қызметке біріктірілді. Бұл мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі 15 жұмыс күнінен 13 күнге дейін қысқартылды.
Сондай-ақ, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінен «Теңiзде iздестiру, барлау, пайдалану ұңғымасын немесе өзге де ұңғыманы бұрғылауға рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметі алып тасталынғанын атап өткен жөн.
Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша оңтайландырылған бизнес-процестерді іске қосу www.egov.kz, www.elicense.kz «Электрондық үкімет» порталында жүзеге асырылған.
ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі