ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2019 жылғы наурыздың 13-нен 15-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.
Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері:
«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ,
«Human Health Institute» ҚБ,
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ,
«Солтүстік Қазақстан облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы» КММ.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
- Қалдықтар саласындағы заңнама. Экологиялық кодекстің жаңа жобасының негізгі қағидалары;
- Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау;
- Профилактикалық бақылау (мемлекеттік бақылауға енгізілетін өзгерістер);
- Қазақстанда ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін енгізу;
- Экологиялық аудит және т.б.
Дәріс оқығандар:
Букенова Саида Бекбулатовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы;
Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;
Тауекелова Мадина Сергазиевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК ҚОҚҰБ дайындау және экологиялық ақпаратты талдау басқармасының басшысы;
Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ бас сарапшысы;
Досанова Акмарал Наурызбаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті табиғи ресурстар кадастрының басшысы.;
Токтасынова Тота Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы.
Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.