Дерккөз: www.24.kz
Сарыарқа даласында жойылып кеткен жабайы марал қайта мекенін тапты. Бұл 2002 жылы негізі қаланған Осакаров ауданына қарасты «Бұйратау» мемлекеттік-ұлттық табиғи паркінің кешенді қызметінің жемісі.
Бүгін маралдардың тағы бір үйірі еркіне жіберілді.
Айнұр Әбдиева, тілші:
– Міне қазір ғана осы қоршаудың сыртына 40-тан астам марал жабайы табиғатқа шығарылды. Біз оның куәсі болдық. Жалпы Бұйратау ұлттық парктің көлемі 400 гектарды құрайды. 2002 жылы құрылған болатын. Осы жылдар аралығында 7 ші рет маралдар жабайы табиғатқа шығарылып отыр. Мұнда сонымен қатар қызыл кітапқа енген арқарларда бар.
Мамандардың айтуынша қазір орталық қазақстан аймағын 250-ден астам маралдар мекендеп жүр. Саны жыл артқан сайын көбейіп келеді. Ұлттық парктен жабайы табиғатқа жыл сайын олардың 50 ге жуығы шығарылады.
Қаһарман Хавдалмұрат, «Бұйратау» МҰТП Табиғат кешендерін қорғау бөлімінің басшысы:
– Қазір шығарған соң күзге дейін осы қоршау маңында жүреді. Себебі жем-шөп жеп үйреніп қалған. Кейін қысқа қарай далаға кете бастайды. Бұрын орталық Қазақстанда болғанғой, кейін браконьерлік кесірінен, адам факторынан жойлып кеткен ғой.
Бұл жануарлар бұрынғы жылдары Қарағанды өлкесінде де көп кездесетін дейді мамандар. Алдыңғы легі соғыс пен ашаршылық жылдары оқ пен пышаққа да ілініп кетсе , кейінгілері маралды атып, қызық көрген браконьерлер қолынан жойылған. Ал, мемлекеттік паркке маралдар Қарқаралы,Көкшетау, Қатон-Қарағайдан әкелініпті.Олардың бір тобы еркіндікке жіберілсе, бір тобы осында қалды.
Талғат Рахматулин, Бұйратау МҰТП Бас директорының орынбасары:
– Бізде мемлекеттік инспекторлар бар. Олар осы аймақты күзетумен айналысады. Бұйратау ұлттық парктің екі филиалында 91 мемлекеттік инспектор қызмет атқарады. Олар парк аймағын атпен, мотоциклдармен жүріп өтіп, бақылау жасап отырады.
Мамыр айында маралдардың төлдейтін мерзімі. Осы жолы да жабайы табиғатқа кеткендері төлдеп жатыр. Болжам бойынша жануарлардың жалпы саны алдағы уақытта 500-ге дейін жетеді деп отыр.
Авторлары: Айнұр Абдиева, Сайлау Игликов