Дереккөз: 24.kz
Каспийдің жағасындағы қалаға бозшымшықтар ұшып келді, деп хабарлайды «Хабар 24»
Қанаттылардың осы түрі кейбір аймақта суықторғай деп аталады. Ақтаулық тұрғын жұмысында отырып, терезе алдындағы шатырға қонған бозшымшықты смартфонға түсіріп алған. Әлеуметтік желіге салған бейнекадрларды жергілікті биологтар да қарап шығыпты. Олардың айтуынша, бозшымшықтар қылқан жапырақты ормандарда кездеседі. Қыс мезгілінде Орталық Азия елдері мен Қазақстанның климаты жылы өңірлеріне ұшып келеді. Ағаш басына жұмыртқалап, 15-16 күнде балапан ұшырады екен. Үні әуезді болғандықтан, үйге ұстауға да болатын көрінеді.
Әділбек Қозыбақов, өңірлік қауымдастық кеңес төрағасы:
– Суықторғайдың Ақтауға тіркелуін сенсация деп те айтуға болмайды. Бірақ ол біздің табиғи жағдайларға тән емес құстарға жатады. Жалпы бізден ұшып өтетін құстардың арасында олар кездесіп қалуы мүмкін. Мұндай жағдайлар бұрын бірнеше жылда бір рет кездесіп тұрған. Бұл құс әрі қарай ұшып кетеді. Өзінің тобына қосылады.