Дерек көзі – www.inform.kz
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Текелі қаласындағы Қаратал өзенінің бастауында, Қараой мен Чажы өзендерінің қосылған жерінде екі аққу жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қала тұрғындары бірегей табиғи көрініске куә болды. Қала әкімі Бақтияр Өнербаевтың айтуынша, ерекше әдемі құстар жұбы Махаббат көпірі салынады деп жоспарланған орынға тоқтаған.
«Бұл жай ғана кездейсоқтық емес. Мен мұны жақсы белгі және қаламыз үшін тарихи сәт деп санаймын. Құрметті қала тұрғындары, аққуларды үркітпеуді өтінемін. Олар осында қалып, ұя салып, гүлдену мен бақыттың символына айналуы үшін жағдай жасайық», – деді ол.