Дерек көз – gov.kz
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұловтың жаңа Экологиялық кодекстің негізгі ережелерін түсіндіру жөніндегі Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында жергілікті кәсіпорындар басшыларымен кездесті.
«Казцинк» ЖШС, «Өскемен ЖЭО» ЖШС және «Шығыстүстімет» ЖШС кәсіпорындары өкілдерінің баяндамалары тыңдалды.
«Казцинк» ЖШС бас экологы Қазтай Такеев Еуропа анықтамалығында ең үздік деп танылған қос абсорбция және қос байланыс әдісімен күкірт диоксидін кәдеге жаратудың озық технологиясы металлургиялық кешенде қолданылатынын атап өтті.
«Компанияның стратегиялық бастамаларының қатарында біз төмен сұрыпты шикізат пен қайталама ресурстарды гидрометаллургиялық өңдеуді қарастыратын «Гидрополимет» жобасын атаймыз, бұл өз кезегінде экологияға пайдасын тигізеді», – деп түсіндірді Қазтай Такеев.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС Бас директоры Айдын Бексолтан, кәсіпорын ШҚО-да алғашқылардың бірі болып кәсіпорында қолданылатын техникалардың нақты техникалық жай-күйіне, олардың нәтижелілігі мен өзектілігіне, сондай-ақ ОҚТ және практикаларды енгізу мүмкіндігіне сараптамалық баға алу мақсатында кешенді технологиялық аудит жүргізу үшін «Халықаралық жасыл технологиялар мен инновациялардың орталығы» КЕАҚ-мен шарт жасағандығын айтты.
«Жылу энергетикасы кәсіпорындарын ауқымды жаңғыртуды жүргізу үшін айтарлықтай қаржыландыру қажет, ол көзделген ынталандыру шаралары есебінен жабылмайды. Осыған байланысты, ОҚТ жаңарту және енгізу бойынша көзделген шараларды іске асыру кезінде қаржыландыру тетігін мемлекеттік деңгейде бекіту қажет» – деп атап өтті Айдын Ордабекұлы.
«Шығыс түстімет» ЖШС объектілерінде іс-шаралар өткізіледі және Еуропа елдерінің үздік тәжірибелеріне сәйкес келетін техникалар мен технологиялар бар», – деп атап өтті «Шығыс түстімет» ЖШС техникалық директорының м.а. Владимир Фомин. Оның айтуынша, Артемьев өндірістік кешенінің Николаев байыту фабрикасы қайта құруға ұшырады, нәтижесінде жоғары алуға қол жеткізілді. Осы жоба аясында байыту фабрикасының кептіру бөлімі қайта құрылды, жаңа буынды камералық сүзгі-пресс орнатылды. Оларды енгізу шаң мен шығатын газдардың экологиялық шығарындыларын толығымен жоя отырып, кептіру мен газдан тазартудың энергия шығынын жоюға мүмкіндік берді.
Есеп беру қорытындысы бойынша вице-министр ШҚО барлық кәсіпорындарының жұмысын жақсарту және өндірісте ОҚТ енгізуді жеделдету бойынша ұсыныстар берді.
«Қазіргі уақытта «Казцинк» ЖШС күкірт қышқыл газын тазартудың классикалық схемасы белгіленген сапа нормативтерінің сақталуын қамтамасыз етпейді.Күкірт қышқылды қондырғылардың экологиялық тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды көздеу, сондай-ақ кәсіпорныңызда ОҚТ енгізуді жеделдету қажет», – деп атап өтті Ахметжан Пірімқұлов.
Сонымен қатар, «Шығыстүстімет» ЖШС қатысты соңғы мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша, Красноярка өзенінде ауыр металдар бойынша жүйелі асулар анықталды. Осыған байланысты, шахталық және сарқынды суларды тазартудың жаңа тиімді жүйесін көздеу ұсынылды.
«Өскемен ЖЭО» ЖШС қаланың ірі табиғат пайдаланушыларының бірі ретінде тазарту жабдықтарын, атап айтқанда күкіртсіздендіру құрылыстарын жаңғырту немесе толық ауыстыру жөніндегі жоспарды әзірлеуі қажет, сондай-ақ ОҚТ енгізу бойынша жұмысты жалғастыру.