02.01.2021 ж. ҚР ЭК 418-бабының 3-тармағына сәйкес 2021 жылғы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілген объектілердің немесе 2021 жылғы 1 шілдеге дейін оларға қатысты мемлекеттік экологиялық сараптаманың немесе ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындылары берілген, 09.01.2007 ж. ҚР ЭК сәйкес арнайы табиғат пайдалану субъектілері болып танылған, пайдалануға берілмеген объектілердің операторлары 2021 жылғы 1 тамыздан кешіктірмей қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға тиісті объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның I, II, III және IV санаттарына жатқызу туралы арыздарын тапсыра алады. Бұл ретте, ҚР Нормативтік-құқықтық актілер туралы Заңының 14-бабының 3-тармағына сәйкес егер мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге тура келсе одан кейінгі таяу жұмыс күні мерзімнің аяқталу күні болып есептелетінін хабарлаймыз. Объектілерді санаттарға жатқызу бойынша өтініш беру процесін жеңілдету және жеделдету үшін Бірыңғай экологиялық портал әзірленді: http://company.ecogov.kz. БЭП операторы ҚР ЭГТРМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК. Бірыңғай экологиялық порталдың байланыс орталығы: тел.: 8 (7172) 24 81 74, 8 (7172) 24 83 45, 8 (7172) 24 83 48, 8 775 826 72 29.
Дереккөз – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі