Биылғы жылғы 17 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Корея Республикасына (Сеул қ.) мемлекеттік сапары шеңберінде Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев Кореяның шетелдік инфрақұрылым және қалалық даму корпорациясының (KIND) Президенті Хо Кенг Гу мырзамен кездесті. Кездесу барысында тараптар су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Министр М. Мырзағалиев корей тарапына мемлекеттік-жекеменшік әріптестік форматында іске асыруға болатын ауыз сумен қамтамасыз ету саласындағы бірқатар инвестициялық жобаларды ұсынды. Бұл жобалар Алматы және Түркістан облыстарының халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жүйелерді қайта құруды қарастырады. Министр М.Мырзағалиев корей тарапына ауыз сумен жабдықтау саласындағы бірқатар инвестициялық жобаларды ұсынды, оларды мемлекеттік-жекеменшік әріптестік форматында іске асыруға болады. Бұл жобалармен Алматы және Түркістан облыстарының халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жүйелерді қайта құруды қарастырады. Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар жақын арада мамандар деңгейінде онлайн форматта келіссөздер ұйымдастыруға келісті.
Дереккөз – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі