Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/documents/details/243132?directionId=14790&lang=kk
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі көрнекті ғалым, геология-минералдары ғылымының докторы, профессор Халел Абдулхакұлының Беспаев қайтыс болуына орай, марқұмның отбасына қайғыра отырып көңіл айтады.
Халел Абдулхакұлы отандық геология саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлға. Еліміздің кен орындарының геологиясын, металлогенияны терең зерттеп, маңызды ғылыми еңбектер жазған ғалым. Халел Абдулхакұлы кен элементтерінің таралу заңдылықтарын зерттеп қана қоймай, Риддер-Сокол кен орнында қосымша алтын қорын ашып, геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізген. Геология саласына қосқан осындай толассыз еңбектері ел тарихында, геология хронологиясында сақталатыны сөзсіз.
Қайғылы хабар барлығымызға ауыр тиді. Әйтсе де, жазмыштан озмыш жоқ, марқұмның жатқан жері жарық, иман саламат болсын!