Ержан Сәрсенбай «Жасыл даму» АҚ Басқарма Төрағалығына тағайындалды

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

2001 ж. қараша айынан 2006 ж. шілде айына дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде жетекші маман лауазымынан басқарма басшысы лауазымына дейін қызмет атқарған.
2006 ж. шілде айынан 2007 ж. сәуір айына дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Әлеуметтік-мәдени даму бөлімі Ғылым және инновациялық қызмет секторының меңгерушісі.

 

2007 ж. мамыр айынан 2010 ж. қараша айына дейін «Қазақстан Даму Банкі» АҚ Жобаларға агенттік қызмет көрсету басқармасының басшысы.

2011 ж. мамыр айынан 2014 ж. ақпан айына дейін «НК Продкорпорация» АҚ Несиелендіру және несиені әкімшілендіру департаментінің директоры.

2015 ж. қаңтар айынан 2017 ж. ақпан айына дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Экономика салаларын дамыту департаменті директорының орынбасары.

2017 ж. ақпан айынан 2021 ж. ақпан айына дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаментінің директоры.

2021 ж. ақпан айынан 2022 ж. ақпан айына дейін «Қазақстандық мемлекеттік – жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасы.

2022 ж. сәуір айынан бастап «Жасыл даму» АҚ Басқарма Төрағасы.