Атырауда салмағы 200 келіге жуық алып бекіре тұқымдас қорытпағы балығы ауланды

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

2022 жылдың 19 сәуір күні Атырау облысында Жайық өзенінің «Кіші Дамбы» тартымында «Амангелді атындағы» ЖШС-нің балықшылар бригадасы және «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» РМҚК балықшылары салмағы 190 кг., ұзындығы 2,47 м қортпа балығының аналығын ұстады. Алып су маржанын Бекіре тұқымдас балық шабақтарының өсімін молайту жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде аулады.

Қазір аналық қортпаның жағдайы қанағаттанарлық, ол Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытының бассейніне жіберілді, балық өсірушілердің үнемі бақылауында. Болжам бойынша 34 келіге жуық уылдырық алу көзделуде.

Айта кету қажет, Қазақстанда Каспий маңы мемлекеттеріндегідей бекіре тұқымдас балықтарды табиғи ортадан коммерциялық мақсатта аулауға тыйым салынған.