Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде Экология министрі С.Брекешев мәлімдеді. Ол Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында геологиялық саланы дамыту және киіктердің санын басқару бойынша шаралар қабылдау бөлігінде берген тапсырмаларын іске асыру барысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Геологияға қатысты
Геология саласының алдында бүгінгі күні қорлардың төмен толықтырылуы және геологиялық барлауға инвестициялардың төмен деңгейі тән. Сала алдындағы негізгі міндеттер геологиялық зерделенуді арттыру және перспективалы учаскелерді анықтау, геология саласы мен геология ғылымының инфрақұрылымын дамыту, процестерді цифрландыру және автоматтандыру, сондай-ақ заңнаманы жетілдіру болып табылады.
«Ұлттық жоба аясында геологиялық зерттеулердің жалпы ауданы 2026 жылға қарай 680 мың км2 құрайды. Бұл 2,2 млн. км2 дейінгі аумақты геологиялық-геофизикалық зерделеумен қамтуға мүмкіндік береді. Сирек кездесетін металдарға перспективалы учаскелерді анықтауға ерекше назар аударылады», – деп атап өтті Министр.
Процестерді цифрландыру және автоматтандыру шеңберінде минералдық ресурстардың ұлттық деректер банкін енгізу бойынша жұмыс жүргізілді. Өкінішке орай, жұмыс 2017 жылдан бастап қаржыландыруды бекіту, жеткізушіні анықтау бойынша ұзақ рәсімдерге байланысты кейінге қалдырылды.
Қазіргі уақытта құрылып жатқан «Kaznedra» жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы шеңберінде осы ақпараттық жүйені одан әрі іске асыру туралы шешім қабылданды. Платформа ведомствоаралық болып табылады, оған жер қойнауын пайдаланушылармен жұмыс істейтін мемлекеттік органдар қатысады. Қазіргі уақытта осы бағытта Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп жұмыс жүргізілуде.
«Осы жылдың соңына дейін Деректер базасының құрылымы, интерактивті карта, қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияға өтінімнің бизнес-процесі сияқты платформа компоненттері тестілік режимде жұмыс істейтін болады. Бұл платформаны енгізу мәселесі ерекше бақылауда», – деп атап өтті С.Брекешев.
Сонымен қатар, инвесторларға геологиялық ақпаратқа ашық қол жеткізу арқылы кешенді сервистік қолдау көрсету мақсатында өткен жылдың желтоқсан айында Ұлттық геологиялық қызмет құрылды. Қызмет аясында қор қоймасын, 2 керн қоймасын салу, 4 керн қоймасын жөндеу және жаңғырту және деректерді өңдеу орталығын құру жоспарлануда. Нәтижесінде мемлекеттік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету деңгейі 100%-ға жетеді.
«Геологиялық барлаудағы инвестициялық тартымдылықты жақсарту мақсатында біз мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша тиісті ұсыныстар әзірлеудеміз», – деді ведомство басшысы.
Киікке қатысты
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында өткен аптада Экология министрінің төрағалық етуімен ғылыми ұйымдардың, мүдделі мемлекеттік органдар мен салалық қауымдастықтардың қатысуымен киіктердің популяциясын басқарудың жаңа тәсілдерін қарау мәселесі бойынша кеңес өткізілді.
Зоология институты мен Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының өкілдері әрбір популяцияның оңтайлы санын анықтау, тиімді мониторинг және тұрақты басқару үшін Қазақстандағы киік популяциясы ареалындағы экожүйелерді кешенді бағалау бойынша терең ғылыми зерттеулер жүргізу қажеттілігі туралы ұсыныс айтты.
Бұл ретте, Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің ұстанымы мынадай, биылғы жылы киіктердің ғылыми зерттеулерін қаржыландыру қарастырылмаған, осыған байланысты олар оны 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді қаржыландыру мәселелерінің аясында қарайтын болады.
Алайда, киік популяциясын басқарусыз олардың шексіз ұлғайып, тұрақты өмір сүре алмайтынын түсіну керек. 1980 жылдан бастап киіктер санының динамикасын талдау көрсеткендей, жануарлардың орта есеппен әр 3,5 жыл сайын жаппай қырылуының 11 жағдайы бүкіл популяцияның 34%-ы немесе жалпы санның 18%-ның қырылуын көрсетіп отыр.
«Осыған байланысты киікті сақтау тұрғысынан осы түрді арнайы қорғауды жалғастыра отырып, оларды орынды пайдалану кезінде оның таралымының барынша ықтимал мөлшерін ұстап тұру орынды. Мұндай популяцияны басқару мұқият дайындықты қажет етеді. Сондықтан біз Зоология институтымен терең зерттеу жұмыстарын бастаймыз және олар аяқталғаннан кейін көпшілікті хабардар етеміз. Жұмыс бір жылдың ішінде бітпейді.
Өз кезегінде, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен даулы мәселелерді шешу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі жабайы жануарлардың таптауы және фермерлерге келтірілген залалды өтеу әдістемесін әзірлеу бойынша мәселелерді қарайтын болады», – деп түйіндеді С.Берекешев.
Брифинг қорытындысы бойынша Экология министрі журналистердің сұрақтарына жауап берді.