Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
Үшінші тәулік бойы Әулиекөл ауданындағы ірі өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта жалпы ауданы 43000 гектардан асқан тілсіз жауды ауыздықтауға 2193 адам, 224 бірлік техника, 7 әуе кемесі, 5 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды.
Қостанай облысының 1841 тұрғыны эвакуацияланды-Аманқарағай кентінің солтүстік бөлігінен 1000, Озерное 250, Калинин 228, Лесное кентінен 363 адам. Қазіргі уақытта Бағаналы кентінің тұрғындарын эвакуциялау жүріп жатыр.
Екпінді жел мен күннің ыстық райы өрт сөндіру жұмыстарын қиындатып тұр. “Қазгидромет” РМК деректері бойынша 05.09.2022 жылы Қостанай облысы Әулиекөл ауданының аумағында ауа температурасы +31 градусқа дейін сақталады, желдің жылдамдығы 7 м/с жетеді.
Айта кету керек, Қостанай облысында бір мезетте 3 аумақта табиғи өрт сөндіріліп жатыр – Қарабалық, Ұзынкөл және Әулиекөл аудандарында.
Қостанай облысында орман өрттері фактілері бойынша Ішкі істер органдары қылмыстық кодекстің 341-бабы (ормандарды жою немесе бүлдіру) және 2-бөлімнің 204-бабы (Бөтен мүлікті абайсызда жою немесе бүлдіру) бойынша қылмыстық істер қозғады.