World clean up day дүниежүзілік бастамасы Қазақстанда

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

“Ауқымды ойлар, жергілікті әрекет”.

Бұл сөздер дүниежүзілік экологиялық ұранға айналды.

Бүгін Экология министрлігі аумақтарды қоқыстан тазарту бастамасына арналған World clean up day дүниежүзілік экологиялық акциясына тағы да қосылды.

Министрліктің қолдауымен бұл күні акция бүкіл республика бойынша басталды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, бүгінде 100 мыңнан астам адам акцияға қатысуда. Олар-мемлекеттік органдардың қызметкерлері, кәсіпорындардың өкілдері, экоактивистер және жұртшылық.

Нұр-Сұлтан қаласында Жансүгіров көшесінен Ақмешіт көшесіне дейінгі аумақты тазалауға министрлік пен оған қарасты ұйымдардың, Парламент Мәжілісінің, ERG компаниясының қызметкерлері сенбілікке шықты.

Министрлік қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бола отырып, жыл сайын осындай акцияны қолдайды және елдің барлық азаматтарын экологияға ұқыпты қарауға шақырады.