Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
А.ж. 3 қазанда Чехия Республикасының астанасы Прагада Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Чехия Республикасы Қоршаған орта министрлігі арасында қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
Қазақстан тарапынан құжатқа ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, Чех тарапынан Қоршаған орта вице-министрі Томаш Тесарж қол қойды.
«Бүгінгі таңда қоршаған ортаны қорғау мәселелері еларалық ынтымақтастықты дамытуда өзекті мәселелердің бірі. Біздің елдеріміз арасында осы бағыттағы өзара іс-қимылды дамыту және тереңдету үшін үлкен әлеует бар», – деп атап өтті Р.Василенко өзінің кіріспе сөзінде.
Чехия климаттың өзгеруіне қарсы күрес, су ресурстарын ұтымды пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту мәселелеріне көп көңіл бөледі және осы бағытта үлкен тәжірибеге ие.
«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою экологияны сақтау ісіне үлкен серпін береді, екі елдің көп жылдық тәжірибесін пайдалана отырып, сабақтас салалардағы ынтымақтастық көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік береді», – деді министрдің орынбасары.
Айта кетейік, қазақстандық тарап осы Меморандумды іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдауға дайын. Атап айтқанда, оны орындау бойынша нақты іс-шараларды қамтитын Жол картасын әзірлеу ұсынылады.