Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
Бүгін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында 8 айдағы іс-шаралардың қорытындылары мен ағымдағы жылдың 2-ші жартыжылдығына арналған міндеттері қаралды, сондай-ақ, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауын іске асыру мәселелері талқыланды.
Іс-шараға сондай-ақ Парламент Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану комитетінің төрағасы Милютин А.А., Парламент Мәжілісі мен Сенатының депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің жауапты қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, министрліктің Қоғамдық кеңесінің мүшелері.
Министр Серікқали Брекешев өз сөзінде қоғамның одан әрі тұрақты дамуы, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсуі мен қазақстандықтардың өмір сүру сапасының орындалуына тікелей әсер ететін Жолдаудың негізгі тұстарына тоқталды.
Атап айтқанда, Серікқали Аманғалиұлы су саласын дамытудың маңыздылығын атап өтті, өйткені жыл сайын халықтың суға деген қажеттілігін қамтамасыз ету және экономика салаларының қажеттіліктерін қанағаттандыру су тапшылығының өсуіне байланысты күрделі міндетке айналуда.
Бұдан әрі Министр есепті кезеңдегі ақпаратты және орта мерзімді перспективадағы міндеттерді тыңдау үшін су саласын дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін вице-министр С.М. Мұқатаевқа сөз берді.
Сондай-ақ, күн тәртібіне сәйкес экология және климаттық саясатты жақсарту, геологиялық саланы дамыту және биологиялық әртүрлілікті сақтау, орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесін дамыту мәселелері бойынша вице-министрлердің баяндамалары тыңдалды.
Алқа отырысының соңында, министрліктің қызметіне жетекшілік ететін вице-министрлердің баяндамаларының қорытындысы бойынша ведомство басшысы Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында алға қойылған міндеттерді шешу бойынша нақты тапсырмалар берді.