Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
2022 жылғы 30 қарашада Алматы қаласында Орталық Азиядағы гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өңірлік семинар басталды.
Гидротехникалық құрылыстар Орталық Азия елдері экономикаларының маңызды объектілері болып табылады және өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды мәнге ие. Бұл құрылыстарды қауіпсіз пайдалану әлеуметтік, экономикалық және экологиялық маңызы бар. Бұл құрылыстардың көпшілігі трансшекаралық су ағындарында орналасқан, бұл оларды пайдаланудың ерекше күрделілігін, олардың қауіпсіздік дәрежесін арттыру және су ресурстарын бірлесіп пайдалану жөніндегі ынтымақтастықты арттыру бойынша жүйелі жұмыстарды жүргізу қажеттілігін алдын ала анықтайды.
Өңірлік семинар елдерге Гидротехникалық құрылыстарды қауіпсіз басқару бойынша озық халықаралық тәжірибелерді зерделеуге және оны Орталық Азияда қолдану мүмкіндігін талқылауға жәрдемдесуге бағытталған.
Семинар жұмысына 60-қа жуық қатысушы, соның ішінде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Словакия сарапшылары, гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігіне жауапты мемлекеттік органдар мен ұлттық қызметтердің өкілдері, ғылыми институттар мен өңірлік бассейндік су шаруашылығы ұйымдарының мамандары, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.
Семинарда қатысушылар Словакия, Үндістан және басқа елдердің гидротехникалық құрылыстармен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оның ішінде тәуекелдерді басқару, қауіпсіздікті мониторингілеу және бағалау жүйесін қолдау, ерте хабарлау, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша тәжірибесін зерделейді. Қатысушылар сонымен қатар Дүниежүзілік банк жүргізген 51 елдегі бөгеттердің қауіпсіздігін жаһандық талдаудың қорытындыларымен танысады.
Өңірлік семинар Орталық Азияның бес елінің сарапшыларына Гидротехникалық құрылыстарды қауіпсіз басқарудың институционалдық, техникалық және ғылыми аспектілері туралы білім мен тәжірибе алмасуды жалғастыруға, сондай-ақ ынтымақтастықты дамытудың перспективалық тәсілдерін талқылауға мүмкіндік береді.
Семинарды Словакияның су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік кәсіпорнымен (Vodohospodarska vystavba) бірлесіп Халықаралық суды бағалау орталығы (ХСБО) ұйымдастырды. Іс-шара Орталық Азияға арналған су-энергетикалық бағдарлама (CAWEP) қаражаты есебінен Дүниежүзілік Банктің қаржылық қолдауымен және Словакия қоршаған орта министрлігі мен Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми қолдауымен өткізіледі.
ХСБО трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі Конвенцияның (Трансшекаралық сулар жөніндегі конвенция) ынтымақтастық орталығы болып табылады. Семинар ХСБО-ның Трансшекаралық сулар жөніндегі конвенция Тараптары Кеңесінің тоғызыншы сессиясында қабылданған 2022-2024 жылдарға арналған жұмыс бағдарламасы шеңберінде өткізіледі.