Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) 2022 жылғы наурызда Қарағанды облысының Жезқазған-Ұлытау өңірінде Байқоңыр ғарыш айлағы қызметінің әсерінен онкологиялық аурулардың өсу себептерін зерделеу жөнінде ведомствоаралық комиссия құрды.
Экология және табиғи ресурстар, денсаулық сақтау, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің аумақтық бөлімшелері жүргізген сауда объектілерінде өндірілетін тамақ өнімдері, жер үсті сулары, топырақ, атмосфералық ауа мен радиация сынамаларының іріктеу қорытындысы бойынша Жезқазған-Ұлытау өңірінің аумағында радиациялық фонның асуы және атмосфералық ауаның ластануы тіркелмеген, бұдан басқа улы элементтердің (кадмий, қорғасын, мышьяк) және гептилдің артық көрсеткіштері анықталмаған.
Ұлытау облысының Жезқазған-Ұлытау өңірінде онкологиялық аурулардың себептерінің, оның ішінде Байқоңыр ғарыш айлағы қызметінің әсеріне байланысын анықтау үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын тереңірек жүргізуді қажет етеді.
Сондай-ақ, Ұлытау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қазандағы №28/02 Қаулысымен аумақты (акваторияны) зерделеу бойынша комиссия құрылды, яғыни төтенше экологиялық жағдай аймағы немесе экологиялық зілзала аймағы деп жариялау болжануда.
«Экологиялық электрондық геоақпараттық жүйені қалыптастыра отырып, Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданы халқының қоршаған ортасы мен денсаулығының жай-күйін кешенді бағалау» ғылыми-зерттеу жұмысына (бұдан әрі – ҒЗЖ) техникалық тапсырманың жобасын әзірлеу кезінде ұсынысы бойынша Техникалық тапсырма жобасына Ұлытау облысының Жезқазған-Ұлытау өңіріндегі онкологиялық аурулардың себептерін, оның ішінде «Байқоңыр» ғарыш айлағының әсеріне байланысты мәселелер енгізілді.
Ағымдағы жылдың 16 қаңтарында Парламент Мәжілісінде Ұлытау облысының Жезқазған-Ұлытау өңірінде Байқоңыр ғарыш айлағы қызметінің әсері тұрғысынан онкологиялық аурулардың өсу себептерін зерделеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша екі комиссия жұмысын оңтайландыру мақсатында төтенше экологиялық жағдай аймағы немесе экологиялық зілзала аймағы деп жариялау болжанатын аумақты (акваторияны) зерделеу бойынша комиссияның шеңберінде біріктіруге қолдау тапты.
Онкологиялық аурулардың өсу себептерін зерделеу жөніндегі комиссия жұмысының мәні Техникалық тапсырмада интеграцияланғанын ескере отырып, Байқоңыр ғарыш айлағы қызметінің әсері тұрғысынан Ұлытау облысының Жезқазған-Ұлытау өңірінде онкологиялық аурулардың себептерін зерттеу жөніндегі комиссияның жұмысы аяқталды.
Бүгінгі күні Ұлытау облысының әкімдігі ҒЗЖ жүргізуге конкурс өткізді. Конкурс нәтижесіне сәйкес «Экосервис-С» ЖСШ жеңімпаз ретінде анықталды.