Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне (Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан) жауапты ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің министрліктері мен ведомстволары басшыларының IV кеңесіне қатысты.
Айта кетейік, 2023 жылдың шілдесінен 2024 жылдың шілдесіне дейін Қазақстанға Үндістаннан ШЫҰ-ға төрағалық беріледі. Төрағалық етудің күн тәртібі экологиялық және энергетикалық күн тәртібінің міндеттерін шешу үшін мүше мемлекеттердің бірлескен күш-жігеріне бағытталатын болады.
«22 жыл ішінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы ықпалды халықаралық институтқа айналды. Қазақстан ШЫҰ аясындағы көпжақты өзара іс-қимылды дамытуға маңызды мән береді. Өзара ынтымақтастық пен сенім, прагматизм және мүдделер теңгерімін сақтау қағидаттарына негізделген. Бұл қағидаттар қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және экологиялық өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін шешу үшін берік іргетасын құрады», – деді министр.
Қатысушы елдердің өкілдері өз сөздерінде әлем табиғаты бұрын-соңды болмаған жабайы қауіп-қатерлерге тап болғанын және осы қауіптерді жою үшін ұлттық жағдайларды, саясатты және басымдықтарды ескере отырып, жаһандық ұжымдық шараларды қабылдау қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ табиғатқа қарсы қылмыстардың, соның ішінде орман өрттерінің, қорғалатын жабайы фауна мен флора түрлерінің заңсыз саудасын алдын алу үшін бірлескен күш-жігер жұмсалмақ.
Сонымен қатар, жаһандық деңгейде климаттың өзгеруіне қарсы күрес мәселелері талқыланды.
Министр сөз соңында: «Бүгінгі кездесу ШЫҰ-ның қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметін жетілдіру және мемлекет басшыларының алға қойған міндеттерін іске асыру үшін жақсы серпін болатынына сенімдімін», – деп атап өтті.
Ол барлық қатысушыларға жемісті жұмыс тілеп, одан әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа үміт білдірді.