Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
Бүгін Астана қаласында өткен Чех-Қазақстан бизнес-форумы аясында Қазақстан Республикасы мен Чехия Премьер-министрлерінің қатысуымен ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мен Прага зообағы арасында Пржевальский жылқыларын жерсіндіру бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Қазақстан тарапынан Меморандумға Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Нұрлан Қылышбаев, Чехия тарапынан Прага хайуанаттар бағының директоры Мирослав Бобек қол қойды.
Жануарларды жерсіндіру дегеніміз – олардың бұрынғы мекендеу орындарына қайта көшіру.
Былтырғы жылдың желтоқсан айында Чехия тарапымен, сондай-ақ Зоология институты, Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті, оның қорытындысы бойынша «Алтын Емел», «Көлсай-көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи парктері мен «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты Пржевальский жылқысын жерсіндіруге потенциалды аумақ ретінде таңдалды.
Аталмыш Меморандумға қол қою еліміздегі жабайы табиғатты қорғау саласындағы өзара ынтымақтастықты кеңейтуге және сол арқылы жануарлар әлемінің жойылып бара жатқан түрлерін сақтауға мүмкіндік береді.