Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
Қазақстандық аңшылар үшін аңшы куәлігін беру толығымен электрондық форматқа ауыстырылды, бұл осы құжатты алу процесін жылдамдатады және жеңілдетеді.
Цифрландыру және Экология министрлігінің бірлескен жұмыстарының арқасында ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап берілген аңшы куәліктері «eGov mobile» мобильді қосымшасындағы цифрлық құжаттар бөлімінде цифрлық форматта қолжетімді.
Аңшы куәлігін беру Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарымен берілетін мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады.