Орхусс конвенция туралы
Қазақстан Республикасының Орхус орталығы 2009 жылдың 20 наурызында «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК базасында Орхус конвенциясының ережелерін жүзеге асыру мақсатында құрылған (ҚР Қоршағанортаминінің №35-ө бұйрығы).
Орхус орталығының мақсаты:
- қоршаған орта мәселелері бойынша сот әділдігіне қол жеткізуді қамтамасыз етуге көмек көрсету;
- мемлекеттік органдардың өкімдерінде бар экологиялық ақпаратқа ашықтық деңгейі мен үкімет есептілігін арттыра отырып, сол арқылы жұртшылық өкілдерін біршама ашық қол жетімділік деңгейімен қамтамасыз ету;
- қоршаған ортаны қорғау саласындағы шешімдерді қабылдау үдерісіне жұртшылықтың қатысуына қамтамасыз етуге көмек көрсету;
- Ластағыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімдерін құру;
- ГМО (генетикалық модификацияланған организмдер)
Қызмет бағыттары:
- ақпараттық-кеңес беру қызметі;
- Аймақтық Орхус орталықтарына қолдау көрсету;
- білім беру іс-шараларын өткізу (тренингтер, семинарлар, дәрістер);
- ҮЕҰ,БАҚ, ЖОО үшін біліктілікті арттыру курстары;
- баспасөз қызметі;
- экологиялық ағарту және насихат;
- «Қазақстан экологиясы» газеті;
- www.ecogosfond.kz интернет ресурсы
Орхус орталығының негізгі қызметтері:
- жеке және заңды тұлғалардың сұранымдары бойынша қол жетімді экологиялық ақпарат беру;
- экология мәселелер (проблемалар) бойынша сот әдiлдiгiне қол жеткізу және шешімдерді қабылдау қатысуы, экологиялық ақпаратқа қол жеткізуде олардың құқықтарын қолдану бойынша жеке және заңды тұлғаларға кеңес беру
- қызметкерлерідің біліктілік деңгейлерін арттырумен қоса, білім беру іс-шараларын (семинарлар, қоғамдық дәрістер) жүргізу;
- БАҚ жариялымдар, радио мен телевизияда сөз сөйлеу, жарнама компанияларын өткізу;
- Интернетте экологиялық ақпаратты орналастыру;
- Орхус конвенциясын және оның хаттамаларын жүзеге асыру бойынша іс-шара жоспарлары жобасын әзірлеуде үкіметтік органдарға көмек көрсету;
- Заңды және жеке тұлғаларға қоршаған орта стратегиясы саласында нормативті-құқықтық актілерге, бағдарламаларға, жоспарларға қол жеткізуге және оларды қоғамдық талқылауды ұйымдастыруға көмек көрсету