Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
2023 жылғы 19 маусымда Астана қаласында Түркістан к-сі, 2/1 мекенжайы бойынша орналасқан №7 бекеттің аумағында (сол жағалау) шекті рұқсат етілген шоғырлану көрсеткішінің асып кеткені байқалуда.
ШРШ көрсеткішінің асып кетуі мыналар бойынша анықталды:
– азот оксиді (2 ШРШ-ға дейін жеткен 9 жағдай) және азот диоксиді (2 ШРШ-ға дейін жеткен 42 жағдай).
№7 бекеттен басқа, ШРШ көрсеткішінің асып кетуі №8 бекетте (Көктал шағын ауданы) байқалып отыр, онда озон бойынша 1,1 ШРШ деңгейіне дейін жеткен 19 жағдай және күкіртсутек бойынша 1,3 ШРШ деңгейіне дейін жеткен 18 жағдай анықталды.
Синоптикалық сипаттамаларға сәйкес оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан екпіні 16 м/с дейін жеткен жел соғуда, күннің соңында қатты жаңбыр жауады, сондай-ақ күннің соңына қарай найзағай ойнап, бұршақ жауады және дауыл болады деп болжануда.