Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
2023 жылғы 28 маусым сағат 20:08-де «Lada.kz» жаңалықтар порталында Ақтау қаласының Каспий теңізі жағасындағы демалыс орнында 2 өлі итбалықтың табылғаны туралы ақпарат жарияланды.
Өзара іс-қимыл схемасына сәйкес, табиғат қорғау прокуратурасы, мамандандырылған ғылыми ұйымдардың өкілдері, Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы, облыстың ветеринариялық қызметі, экология департаменттері және құқық қорғау органдары кіретін жұмыс тобының барлық мүшелері жедел түрде хабардар етілді.
29 маусым күні таңертең жергілікті балық инспекциясы басқармасы, экология департаменті, ветеринарлық қызмет және Қазгидромет қызметкерлері болжамды орынға шықты.
Алайда, болжамды жерде итбалықтардың өлекселері табылмады, бұл туралы тиісті акт жасалды.
Сонымен қатар, «КТК» телеарнасы ұсынған ақпарат: «Специалисты рыбхознадзора практически сразу забрали туши на экспертизудеген сөз шындыққа жанаспайды. (https://www.ktk.kz/ru/news/video/2023/06/29/246155/).
Бүгінгі таңда облыстық балық инспекциясы басқармасының инспекторлары итбалық өлекселерін анықтау мақсатында Каспий теңізінің жағалауына мониторинг жүргізуді жалғастыруда.
Ақпарат түскен сайын жаңартылады.
Осыған байланысты, азаматтарды тек ресми көздерден алынған ақпаратқа сенуге шақырамыз.