https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
Астанада “Белдеу және жол” бастамасының 10 жылдығы аясында өткен ірі іс-шараны ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен Шаньдун провинциясының халық үкіметі ұйымдастырды.
Конференцияға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин, ҚХР Шаньдун провинциясы парткомының хатшысы Лин У., Мәдениет, сауда және интеграция вице-министрлері, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер қауымдастығының, ҚР сауда-өнеркәсіп палатасының, бизнес-қауымдастықтардың басшылары, ірі корпорациялар мен қаржы институттарының, Қазақстандағы Қытай инвестициялары бар кәсіпорындардың өкілдері және т. б. қатысты.
Іс-шара барысында елдер арасындағы жемісті ынтымақтастық -қоршаған ортаны қорғау, қоғамды экологияландыру мәселелерінде байқалатыны атап өтілді.
Экология және табиғи ресурстар Вице-министрі Нұрлан Құрмалаев 2021 жылы экологиялық реттеудің халықаралық тәжірибесін ескере отырып, қоршаған ортаға теріс әсер етпеу үшін алдын алу шараларын қабылдауға бағытталған ҚР жаңа экологиялық кодексінің күшіне енгенін еске салды.
“Қазақстан негізгі стратегиялық серіктестердің бірі ретінде Қытаймен екіжақты қарым-қатынасты дамытуға үлкен мән береді. Ашық диалог, білім алмасу және экологиялық проблемалармен күресудің бірлескен стратегияларын әзірлеу үшін бұл маңызды алаң, сондықтан Қазақстан-Қытай бірлескен комиссиясы шеңберіндегі қалыптасқан ынтымақтастықты нәтижелі деп атап өткім келеді. Комиссия шеңберінде екі жұмыс тобы құрылды: олар трансшекаралық өзендердің (Қара Ертіс, Іле, Текес, Қорғас, Еміл өзендері) суларының сапасын мониторингілеу, талдау, бағалау, сондай-ақ төтенше жағдайларға жедел ден қою, ластанудың алдын алу. Ынтымақтастықтың басым аспектілерінің бірі-трансшекаралық өзендерді ұтымды басқаруға деген жалпы ұмтылыс. Қазақстан арқылы да, Қытай арқылы да өтетін өзендердің маңызы зор және оларды қорғау мен орнықты пайдалану жөніндегі бірлескен күш – жігеріміз табиғатпен үйлесімді өмір сүруге деген ұмтылысымызды көрсетеді”,-деп атап өтті вице-министр, сонымен қатар, екітарап су ресурстарын басқару бойынша ақпарат пен инновациялық әдістерімен алмасу арқылы бұл маңызды ресурсты дұрыс әрі тұрақты пайдалануды қамтамасыз етуге тырысады.