ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми Интернет-ресурсында 2022 жылға арналған Қоршаған ортасының жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы Ұлттық баяндаманың орыс тілінде драфт-жобасы жарияланды, сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/documents/details/518069?lang=ru
Ұлттық баяндама Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігімен «Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы Ұлттық баяндаманы әзірлеу, сондай-ақ қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы интерактивті баяндаманы әзірлеу және жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 5 тамыздағы № 297 бұйрығымен, елдегі нақты экологиялық жағдай және оны жақсарту бойынша қолданылатын шаралар туралы халықты хабардар ету үшін дайындалған.
Ұлттық баяндамада қамтылған ақпарат орталық және жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдар ұсынған ресми материалдарға негізделеді.
Материалдарды жинау мен жүйелеуді Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК («ҚОҚ АТО» РМК) орындады.
Пікірлер мен ұсыныстарды а. ж. 28 қыркүйегіне дейін info@iacoos.kz электрондық поштасына жіберуге болады.
Ұлттық баяндаманың сонғы электрондық нұсқасы а.ж. желтоқсанның бірінші онкүндігінде ҚР ЭТРМ сайтында жарияланатын болады.
Байланыс үшін: 8 (7172) 24-94-11.