Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
Биыл бұл тұяқтылар санағы арқарлардың ерте күйлеуіне байланысты қыркүйек айының 25-29 аралығында жүргізілді. Оған «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК, сондай-ақ «Қаратау» қорығының қызметкерлері қатысты.
2023 жылғы күзгі санақ нәтижесі бойынша қорық эндемигінің саны 1309 басты құрады, көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 15%-ға көп.
Естеріңізге сала кетейік, Қаратау арқары еліміздің Қызыл кітабына енгізілген.