Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
Ағымдағы жылғы 10-13 қазан аралығында Пекинқаласында қазақстандық тараптың төрағалығыменҚоршаған орта мәселелеріне жауап беретін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердіңминистрліктері мен ведомстволары сарапшыларыныңотырысы өтті.
Айта кету керек, Қазақстан Республикасыағымдағы жылдың шілде айынан бастап ШЫҰ-ғатөрағалық етті.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағыынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, 2024 жыл ШЫҰ Экология жылы болып жарияланды.
Осыған байланысты қазақстандық тарап бірқатармаңызды құжаттарды әзірледі: 2024 жылы ШЫҰ экология жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары, экологиялық проблемалардың тізілімі, ерекшеқорғалатын табиғи аумақтарды және экологиялықтуризмді дамыту саласындағы ынтымақтастықбағдарламасы, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердіңүкіметтері арасындағы Қоршаған ортаны қорғаусаласындағы ынтымақтастық туралы келісім, мемлекетбасшылары кеңесінің мәлімдемесі-Шанхай ынтымақтастық ұйымының мүшелері қалдықтардытиімді басқару туралы.
Осы құжаттардың жобалары Пекин қаласындаөткен сараптамалық отырыс аясында талқыланды.
Сонымен қатар, қазақстандық тараптыңбастамаларының бірі дүниежүзілік қоғамдастықтыңназарын ШЫҰ экологиялық проблемаларына аударужәне ШЫҰ Хатшылығы мен ЮНЕП арасындағы өзаратүсіністік туралы Меморандумға қол қою мақсатындаБҰҰ алаңында министрлердің, ШЫҰ-ға мүшемемлекеттердің бейресми кездесуін ұйымдастырутуралы ұсыныс болды.
Қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жауаптыШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сарапшыларыотырысының қорытындысы бойынша кездесухаттамасына қол қойылды.