Қазақстанның азаматтық альянспен кездесу

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

Бүгін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінде «Қазақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ, үкіметтік емес ұйымдар және Министрлік жанындағы Қоғамдық кеңес өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында экология министрі Е. Нысанбаев Мемлекет басшысының орман қорына 2 млрд.көшет отырғызу жөніндегі тапсырмасының іске асырылу барысы туралы хабарлады.

Қоғамдық мониторингті жүзеге асыру үшін Министрлік Қазақстан Ғарыш сапарымен бірлесіп 2 млрд. көшет отырғызу мониторингі бойынша интерактивті карта жасады (сілтеме:https://orman.gharysh.kz).

Балық шаруашылығы саласында саланы дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы іске асырылуда. Ағымдағы жылы Мемлекет басшысының Атырау облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмаларын орындау мақсатында Бағдарламаға инвестициялық жобаларға бюджеттік кредит беруді, кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды, аквамәдениет (балық шаруашылығы) субъектілеріне су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауды қамтитын балық саласын дамытуды мемлекеттік қолдау шаралары бөлігінде өзгерістер енгізілді.

Өз баяндамасында вице-министр М.Ошурбаев Министрліктің қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметі туралы айтты.

Вице-министр атап өткендей, бүгінгі таңда министрлік 9 өңір бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобаларын келіскен, оның ішінде 8 өңір бойынша (Ақтөбе, Атырау облысы, Батыс Қазақстан, Қарағанды Қызылорда облысы, Абай, Ұлытау облыстары), Астана қаласы бойынша – жоспар әлі бекітілген жоқ.    

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары Экокодекске 4-қосымшада көзделген іс-шаралардың үлгілік тізбесінің үш жылдық перспективасына әзірленеді.

Қазақстан климат жөніндегі халықаралық шарттар шеңберінде мәлімделген міндеттемелерге қол жеткізуге бағытталған жұмысты жүргізеді.

Ағымдағы жылдың ақпан айында Қазақстанның 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы қабылданды, ол экономиканы терең декарбонизациялау үшін бағдар және мақсатқа қол жеткізу бойынша одан әрі іс-қимылдар үшін негіз болып табылады.

Сонымен қатар, парниктік газдар шығарындыларын азайту үшін Қазақстан көмірді кезең-кезеңімен алмастыруды, баламалы энергия көздеріне көшуді және энергетикалық тиімділікті арттыруды жоспарлап отыр.

Қазақстан ең осал төрт секторға – су ресурстарына, ауыл шаруашылығына, орман шаруашылығына бейімделу процесін енгізу және апаттар қаупін азайту үшін заңнамалық негіз құру үшін елеулі жұмыс жүргізді.

Сонымен қатар, біз жасыл технологиялар мен жобаларды енгізуді ынталандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізудеміз.

Осылайша, Экологиялық кодекс шеңберінде «жасыл» облигациялар және «жасыл» кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын «жасыл»жобалардың таксономиясы енгізілді.

Сондай-ақ, қоршаған ортаға теріс әсерді азайтудың тиімді құралдарының бірі ең жақсы қолжетімді әдістерді (ҚДТ) енгізу болып табылады.

Өңірлерде Инфрақұрылым жеткіліксіз дамығандықтан (қалдықтарды жинау, сұрыптау, қайта өңдеу және көму бойынша) қалдықтар мәселесі өткір тұр. Осы саладағы мәселелер ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде ҚР Үкіметінің отырысында және ағымдағы жылдың 11 қазанында ҚР Мәжілісінің жалпы отырысында талқыланды.

Саладағы іргелі құжат пайда болған қалдықтардың нақты көлемін және олардың өсу тенденцияларын, коммуналдық қалдықтардың құрамын, қолда бар инфрақұрылымды және оған қажеттілікті көрсететін коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасы болып табылатынын ескере отырып, жоғарыда аталған отырыстарда әкімдіктерге бағдарламаларды бекіту жөніндегі жұмысты жеделдету тапсырылды. Аталған бағдарламалар барлық мүдделі тараптармен, атап айтқанда жұртшылықпен талқылануы тиіс екендігі атап өтілді. Өкінішке орай, бүгінде мұндай бағдарлама тек Ақтөбе қаласында қабылданды.

Жалпы кездесуге 60 астам Қазақстан азаматтық альянсының, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық кеңестің өкілдері қатысып, келешекте осындай отырыс форматында жұмысты жалғастыру туралы келісімге келді.