Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
Бүгін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық экологиялық кеңесінің ІХ отырысының жұмысына онлайн режимде қатысты.
Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев басқарды.
Отырыс барысында ТМД – ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық экологиялық кеңесіне төрағалық ету, атап айтқанда Кеңестің төрағасы мен тең төрағаларын сайлау мәселелері талқыланды.
VIII отырыс шешімдерінің орындалу барысы және ТМД – ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық экологиялық кеңесінің жұмыс жоспары егжей-тегжейлі қарастырылды. Сондай-ақ, 2024-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспары талқыланды.
Қазақстандық тараптың өкілдері табиғат қорғау қызметінде заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану саласындағы, экологиялық сақтандыру жүйесін енгізу тәжірибесі туралы тәжірибелерімен бөлісті.