Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев азаматтарды кезекті қабылдау барысында ұсыныстармен және проблемалық мәселелермен жүгінген 10 адамды қабылдады.
Еліміздің өңірлерінен, оның ішінде онлайн режимде қосылған азаматтар, қар балқыту пункттерінің құрылысына, жолбарыстарды реинтродукциялауға арналған учаскенің орналасуына, қорғаныш орман екпелеріне, өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жаратуға қатысты мәселелерді айтты.
Министр барлық өтініштерге егжей-тегжейлі жауап беріп, қосымша зерттеуді қажет ететін сұрақтарды жеке бақылауға алды.
Құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына өз құзыреті шеңберінде айтылған мәселелерді қарау туралы тапсырмалар берілді.