Қазақстан өкілдері Түркі әлемінің екінші метеорологиялық форумында сөз сөйледі

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

2023 жылғы 15 қарашада Әзірбайжанның Баку қаласында Түркі әлемінің екінші метеорологиялық форумы өтті. Іс-шара гибридті форматта өтіп, оған Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан елдерінің және Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтері қатысты. Бұл форумның мақсаты – Түркі әлемінің ауа райы қызметтері арасындағы кеңейтілген ынтымақтастық.

Форумның басында қатысушы елдердің экология және қоршаған орта министрліктерінің басшылары құттықтау сөзін сөйледі. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев өзінің онлайн сөз сөйлеуінде халықаралық ынтымақтастық және деректермен алмасу саласында Түркі форумына қатысушы елдер өңірлік ынтымақтастық арқылы адамдардың қажеттіліктеріне бағдарланған тиімді Ерте ескерту жүйесін құруда жоғары стандарттар мен қағидаттарды ұстанатынын атап өтті.

Іс-шараның екінші бөлімі толығымен сындарлы мәселелер мен ағымдағы міндеттерді талқылауға арналды. Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің бас директоры Данара Әлімбаева өз баяндамасында Қазгидрометтің халықаралық қызметіне қысқаша тоқталып, форумға қатысушылардың бірнеше негізгі бағытта одан әрі ынтымақтастық жасауының маңыздылығын атап өтті. Мәселен, ауа-райын сандық болжаудың жаһандық және аймақтық үлгілерінде пайдалану үшін халықаралық деректермен алмасу көлемін ұлғайту. Д.Әлімбаева мұндай ынтымақтастықтың ақпараттық өнімдердің сапасын жетілдіруге және болжаудың тиімділігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Форумның қорытындысы бойынша қатысушылар Түркі мемлекеттерінің ұйымы шеңберінде Түркі әлемінің метеорологиялық одағын (MUTW) құруға белсене ат салысатынын білдірді. Ерте ескерту жүйесін дамытуға және жетілдіруге бағытталған бірлескен күш-жігерді арттырудың басым міндеттері мен бағыттары белгіленді.