Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
Ағымдағы жылдың 3 желтоқсанында БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының 28-ші конференциясы аясында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаевтың Беларусь Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрі А. П. Худыкпен екіжақты кездесуі өтті. Кездесу барысында Министрлер ҚДТ қағидаттарын енгізу, іске қосу, мониторингтің автоматтандырылған жүйелері, сондай-ақ қалдықтарды, атап айтқанда, тұрақты органикалық ластағыштарды басқару мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.
Сонымен қатар, биологиялық әртүрлілік пен табиғи ресурстарды сақтау мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, бизон, бұлан сияқты жануарлардың ерекше түрлерінің түрлерін сақтау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту.
Қорытындысы бойынша Тараптар климаттың өзгеруі және жасыл технологиялар саласындағы ынтымақтастықты сараптамалық және техникалық деңгейде жалғастыруға уағдаласты.