Mitsubishi Corporation және Ernst&Young компанияларымен кездесулер

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының СОР28 конференциясы аясында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Mitsubishi Corporation және Ernst&Young компанияларымен кездесулері өтті. Кездесулер барысында тараптар парниктік газдар шығарындыларын азайту және сіңіру мақсатында жапондық технологияларды тарту және жасанды орман өсіру жөніндегі бірлескен жобаларды іске асыру туралы уағдаласты. Сондай-ақ, нақты технологияларды қолдану, көміртекті алу және ластаушы заттардан арылту мәселелері талқыланды.

Париж келісімінің 6-бабы бойынша Қазақстандағы көміртегі нарықтарын дамытуға бағытталған бірлескен Кредиттеу тетігі (JCM) бойынша меморандум жасасудың маңыздылығы атап өтілді.

Ernst & Young компаниясы Париж келісімінің 6-бабын іске асыру бойынша Қазақстан үшін консалтингтік қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.