Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
СОР28 алаңында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Ошурбаев G7 Климаттық клубының тең төрағалары ұйымдастырған «Халықаралық ынтымақтастық арқылы өнеркәсіпті декарбонизациялау процесін жеделдету» іс-шарасына қатысты.
Іс-шара әр түрлі географиялық аймақтардағы ынтымақтастық пен ұжымдық әрекеттерді кеңейтуге қолайлы негіз болатын өнеркәсіпті декарбонизациялау мәселелері бойынша пікір алмасуға бағытталған.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың қараша айында Қазақстан Париж келісімінің мақсаттарын іске асыру үшін күш-жігерді қолдау бойынша G7 Климаттық клубына кірді. Клубқа Канада, Франция, Германия, Жапония, Ұлыбритания, АҚШ, ЕО және т.б. елдер қатысады.