Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
Бүгін 2023 жылдың 10 желтоқсанында өзінің жұмыс сапары аясында Шығыс Қазақстан облысына Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар Министрі Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев «Мелисса» ЖШС өндірістік базасына барды. Бұл сапар орман шаруашылығы мәселелері және аймақтағы табиғи ресурстарды пайдалануаясында ұйымдастырылды.
Шығыс Қазақстан облысы әсіресеорман қоры саласындатабиғи ресурстарға бай. Облыстың орман қорының ауданы 2,9 млн. гектарды құрайды және негізгі орман құраушы ағаш қорларының 40% – ы осында шоғырланған. Облыстың ормандылығы оның жалпы ауданының 16,5% құрайды.
Сапар барысында Министр мен «Мелисса» ЖШС өкілдері өңірдеорман ресурстарын басқарумен байланысты маңызды мәселелерді талқылады.
Қазіргі уақытта «Мелисса» ЖШС облыстың әртүрлі орман шаруашылықтарында 4 учаскеге иелік етедіжәне де орман пайдалану саласындашешуші рөл атқарады.
Ағашты тұрақты пайдалану, сондай-ақ өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылады. «Мелисса» заманауи жабдықтар мен жоғары сапалы өнімді өндіруге арналған технологиялардыинвестициялай отырып, жылына 60 мың текше метр төмен сұрыпты жалпақ жапырақты ағаштардан жасалған OSB тақталарын шығарады.
«Мелисса» ЖШС бас директоры Воробьев Александр Иванович кәсіпорын өндірістегі жоғары стандарттарды ұстанып қана қоймай, сонымен қатар экологиялық тұрақтылық қағидаттарына сақтайтынын атап өтті.
Сондай-ақ, Александр Воробьевтің айтуынша, нарықтың күрделі жағдайларына және Ресей Федерациясында санкциялардың болуына қарамастан, өз өнімдерін үздіксіз шығаруды және бизнесті дамытуды жалғастыруда. Компания Орталық Азия елдеріне өнімді жеткізуді жүзеге асыруда және де өңірлік нарыққа белсенді бағдарланған.
Нарықтарды әртараптандыру стратегиясы «Мелисса» ЖШС-не бәсекелестік пен санкциялардың әсерін барынша азайтуға, сондай-ақ әлемдік экономиканың құбылмалы жағдайларында орнықтылық пен орнықты дамуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл сапар мемлекеттік құрылымдар мен кәсіпорындар арасындағы орманды пайдалану және ағаш материалдарын өндіру бойынша белсенділікті арттыраттыруға ықпал етті.
Сапар барысында тараптар орман пайдалану менөндіріс саласында экологиялық жауаптылықты нығайту, одан әрі ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін