AEWA өкілдерімен кездесу

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

2024 жылғы 8 ақпанда Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев пен Африка-еуразиялық қоныс аударатын су құстарын қорғау туралы келісімінің(AEWA) жауапты хатшысы Trouvilliez Jacques Robert, AEWA бағдарламасының әкімшісі Дерелиев Сергей арасында Қазақстанның осы ұйымға қосылуы мәселесі бойынша кездесу өтті.

Кездесу барысында AEWA өкілдері келісімнің негізгі ережелерімен, сондай-ақ келісімге қосылу кезіндегі Қазақстан үшін міндеттемелер мен жеңілдіктермен таныстырды.

Тараптар 12-17 ақпанда Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласында AEWA-ның ресми қатысушысы болып табылатын мемлекеттер өкілдерінің қатысуымен COP-14 алаңында қосымша кездесу өткізу туралы келісті.