Стратегиялық мәселелерді талқылау

 

2024 жылғы 16 ақпанында Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Жаһандық Экологиялық Қордың (ЖЭҚ) Бас директоры және төрағасы Карлос Мануэль Родригеспен кездесу өткізді.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстандағы ЖЭҚ желісі бойынша орталық үйлестіруші болып табылады. ЖЭҚ-тың негізгі қызметі-Жаһандық экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін қаржылық және техникалық көмек көрсету.

Кездесу аясында тараптар ЖЭҚ қолдауымен іске асырылатын биоәртүрлілік пен экожүйені сақтау, тұрақты энергетика, климаттың өзгеруі, жердің деградациясы және қалдықтарды басқару саласындағы серіктестіктің негізгі стратегиялық басымдықтарын талқылады, сондай-ақ ынтымақтастық жылдарында қол жеткізілген нәтижелерді айтты.

Е. Нысанбаев Қазақстан 8-ші цикл шеңберінде ЖЭҚ қаржыландыру үшін ұлттық деңгейде жобалар пулын дайындағанын атап өтті. Соңғы 10 жылда орман қорының ауданы 7,6% – ға өсіп, 31 млн гектарға жетті. Қазақстан БҰҰ-ның экожүйелерді қалпына келтіру жөніндегі онжылдық бағдарламасына сәйкес осы үрдісті сақтап, ормандарды қалпына келтіру бағытын сақтауға ниетті.

К. Родригес еліміздің табиғи ресурстарын сақтауға және орнықты пайдалануға ықпал ететін ЖЭҚ-тың 8-ші циклі шеңберінде Қазақстанға бастамаларды іске асыруға жәрдемдесудегі ЖЭҚ-тың міндеттемесін атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан үшін қаражатты жұмылдыру және ЖЭҚ-тан қаржыландыруды ұлғайту, министрлердің өңірлік деңгейдегі кооперациясы мен ынтымақтастығының және халықаралық донорлармен өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті. Биоалуантүрлілік жөніндегі жаңа қордың іске қосылуы туралы хабардар етті, онда шамамен 200 млн.АҚШ доллары қаражат жинақталған, бұл болашақта жобаларды іске асыру үшін қосымша мүмкіндік болып табылады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда ЖЭҚ қолдауымен биоалуантүрлілікті сақтау, климаттың өзгеруіне қарсы күрес, жердің тозуын азайту және зиянды химиялық заттар мен қалдықтардың таралуын азайту саласында 40 толық және орташа ауқымды жоба іске асырылды және іске асырылуда.

Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісінің (ЕҚТА) әлеуетін нығайтудағы, орман алқабын ұлғайтудағы, табиғат қорғау іс-шараларын іске асырудағы, экологиялық туризмді дамытудағы ілгерілеуі атап өтілді.

Осылайша, ЖЭҚ қолдауымен экотуризм қызметтерін сертификаттау және қызмет көрсету сапасын арттыру үшін негізді қамтитын экотуризм бойынша ұлттық стандарт әзірленді. Осындай нысандардың бірі халықаралық экологиялық стандарттарды ескере отырып, инвесторлардың қаражаты есебінен салынған “Ертісай” келушілер орталығы болып табылады.

Соңында тараптар еліміздің дамуының басым бағыттары бойынша ынтымақтастықты жалғастыру туралы келісті.