Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/726292?lang=kk
Ағымдағы жылдың 14 наурызында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев Арал теңізінің құрғаған табанында орман мелиорациялық екпелерді құру, оның ішінде аэропосевті қолдану мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Кеңеске «Ә. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, «Қазавиация» әуекомпания» ЖШС өкілдері қатысты.
Кеңес қорытындысы бойынша Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті және «Ә. Бөкейхан атындағы «Қазақ орман шаруашылығы және агроорман мелиорациясы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-не өткен жылдардағы жинақталған тәжірибені ескере отырып, Арал теңізінің құрғатылған табанында агроорман-мелиорациялық екпелерді құру және күтіп-баптау, ұсынымдар дайындау бойынша тапсырмалар берілді.
Сондай-ақ ағымдағы жылдың күзінде Арал теңізінің құрғаған табанында сексеуілді әуеден себу туралы шешім қабылданды.