Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/732093?lang=kk
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ж.Әлиев Метан жөніндегі жаһандық форум аясында АҚШ-тың климат жөніндегі арнайы өкілінің орынбасары Рик Дьюкпен екіжақты кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен АҚШ-тың метан бойынша Жаһандық міндеттемені орындау үшін метан шығарындыларын азайту жөніндегі шараларды жеделдету туралы бірлескен мәлімдемесі шеңберіндегі ынтымақтастықты талқылады.
Сондай-ақ мұнай-газ және көмір өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығы және қалдықтарды басқару секторында метан шығарындыларын азайту жөніндегі жобалар талқыланды.
Р. Дьюк Қазақстанның салалары бөлінісінде метан шығарындыларын азайту жөніндегі жобаларына АҚШ инвестициясын тартуға мүдделі екенін атап өтті.
Өз кезегінде Ж.Әлиев мониторинг, түгендеу және есеп беру жүйесін жақсарту, көмір шахталары мен желдетуден алынған заттардың шоғырлануының дәлірек деректерін өлшеу және пайдалану қажеттілігі туралы айтты.